қазақша · русский · english
 
 
 
 Лысенко Виктор Степанович
Инновациялар және нанотехнологиялар зертханасының меңгерушісі
Техника ғылымдарының кандидаты
Төле би көшесі, 86, 102 кабинет
 +7(727)272-68-18, 8-777-362-59-10
vikstel.777@mail.ru

 

Инновациялық технологиялар зертханасы 2009 жылдың соңында ұйымдастырылып, 2016 жылы Инновация және нанотехнологиялар зертханасы болып өзгертілді. «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Зертхананың мақсаты - жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың, энергия үнемдеудің және баламалы энергия көздерінің өзекті іргелі және қолданбалы мәселелерін шешу, ғылыми зерттеулер жүргізу негізінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және әзірлемелерді коммерцияландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ нанотехнология және наножүйелер туралы ғылымдар саласындағы білім беру.

 

Зертхана ұжымы Дүниежүзілік Банктің гранты есебінен кешенді гидравликалық станцияларды коммерцияландыру жобасын жүзеге асырды және Алматы қаласының машина жасау зауыттарының базасында олардың коммерциялық өндірісін ұйымдастырды.

 

«Гидравликалық энергетикалық станцияларға арналған кешенді технологиялар» ғылыми жұмысы Дубайдағы ғылым бойынша I Әлем чемпионатының (2023 жылғы тамыз) күміс жүлдегері атанды. Іс-шараға әлемнің 69 елінен 1236 қатысушы қатысты. Жұмыстар ғылымның 38 саласы бойынша көрсетіліп, марапаттарға 360 ғалым ие болды. Төрешілер арасында 30-дан астам Нобель сыйлығының лауреаттары болды.

 

Елдер бойынша жалпы командалық есепте: 1 орын - Қытай, 2 орын - АҚШ, 3 орын - БАӘ, 4 орын - Үндістан, 5 орын-Франция. Қазақстан командасы 14-орынға ие болды.