қазақша · русский · english
 
«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі
 
 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ - дың «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі

 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында университет ректорының бұйрығымен 2017 жылы Жобалық кеңсесі құрылды.

 

Жобалық кеңсенің басты мақсаты - мемлекеттік «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында берілген бағыттар бойынша нақты жобалармен университет көлемінде жүзеге асыру. Атап айтқанда, университет бойынша Туған жер, Латын әліпбиіне көшу, Қазақстанның киелі географиясы, Студенттер мен магистранттардың ұлттық санасын қалыптастыру, Жаңа гуманитарлық білім: «100 жаңа оқулық» жобасы, Абайтану жаңа белесте, 100 жаңа есім - Тұлғатану, Жаһандағы қазіргі қазақ мәдениеті, Ұлы дала жастары, Жыр алыбы - Жамбыл жобалары бөлімдерінің жылдық жоспарлы іс-шараларын іске асыру.

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің негізгі іс-қимылы:

1.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында нақты іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру.

2.«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау және Алматы қаласының өңірлік білім беру жобаларымен ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.

3.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зерттеу, талдау және танымдық жобаларды ұйымдастыру және өткізу, жұмыстың нәтижелерін жариялау.

 

Мекенжайы: «Рухани жаңғыру» орталығы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимаратында Достық даңғылы, 13.

 

Байланыс телефондары:

8 (727) 291- 46-88 - «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсе жетекшісі;

8 (727) 291-27-00 - «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсе менеджері.

 

Абай университеті Рухани жаңғыру үрдісінде 2020/2021 оқу жылы

236