қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.04.2023

«Мектепте физика пәнін оқыту мәселелері» халықаралық дөңгелек үстелі

 

2023 жылғы 11 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепте физика пәнін оқыту мәселелері» тақырыбында IV Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара аясында «Қазақстан және Германия университеттерінде физика мұғалімдерін даярлау ерекшеліктері» тақырыбында қазақ-герман семинары ұйымдастырылды.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты - мектепте оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, педагогикалық кадрларды даярлауда жаңа интеграциялық шешімдерді әзірлеу мәселелерін талқылау. Пікірталас алаңында спикерлер профессор Косов В. Н., ғылым докторы Кенжеғалиева М. Д., Зибилле Реех (Лейпциг Университеті, ГФР), профессор Московченко О. Д. (Қазақстан - Неміс университеті, Алматы). Талқылауға ұсынылған тақырыптар физика бойынша тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, білім беру модульдерін үйлестіруге және әлеуетті жұмыс берушілермен өзара араласу мәселелеріне қатысты болды.

 

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласының ұлттық университеттерінің оқытушылары, зияткерлік мектептерінің жаңашыл мұғалімдері, жұмыс берушілер мен ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері қатысты. Пікірталас шығармашылық және достық атмосферада өтті.

 

  alt=  

 

  alt=