қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.04.2023

Мектеп мұғалімдеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар


Абай университетінің Ғылым онкүндігі аясында Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен « Мектеп пен жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарда Ресейден, Беларуссиядан келген спикерлер мен университетіміздің оқытушылары баяндама жасады.

 

Заманауи лингвометодикалық ғылым мен практиканың трендтері, қазіргі сабақтың әдістемелік мазмұны (мәтінмен жұмыс, цифрлық білім беру ресурстары), оқушылардың ғылыми жобаларын, интернетті филология ғылымдарын зерттеу объектісі ретінде қарастыру тақырыптары бойынша мазмұнды баяндамалар жасалды. Семинарға Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан педагогтар мұғалімдер үшін осындай семинарларды өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтіп, спикерлерге пайдалы әрі мазмұнды баяндамалары үшін алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=