қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.04.2023

А.Л. Жовтис - ұстаз, ғалым, аудармашы

 

2023 жылғы 12-сәуірде Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында қазақстандық филолог, филология ғылымдарының докторы, профессор Александр Лазаревич Жовтистің әріптестері мен шәкірттерінің қатысуымен қызықты кездесу өтті.

 

Ғалымның оқушыларының көпшілігі ұстазының ізін басып, филология ғылымдарының докторы мен кандидаты, тілдік пәндер мұғалімі, журналист болып жұмыс жасауда.

 

Аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткен кездесуге қатысушылардың арасында Александр Лазаревич Жовтисті ғылыми еңбек жолының басы - ХХ ғасырдың 40-жылдарының аяғынан бастап бастап білетін алғашқы шәкірттері - Е.А.Токарев пен Л.Л. Бельская болды.

 

Қазақстандық ғалымдар мен педагогтардың бірнеше буыны ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісті. Олардың әрқайсысының тағдыры мен ғылыми жолында А.Л. Жовтис маңызды рөл атқарған болатын.

 

Жиынға қатысушылардың сөзінен осынау көрнекті ғалым, поэзияның дарынды аудармашысы, ұстаз және қоғам қайраткерінің сан қырлы портреті қалыптасты. Азаматтық батылдық пен шексіз адалдық; қиын сәтте риясыз көмек беру және қолдау көрсету қабілеті; сүйікті ісіне шын берілу мен оптимизм - бұл күні Ұстаздың басқа да көптеген жеке қасиеттері еске алынды. Кездесу барысындағы шынайы атмосфера ешкімді бей-жай қалдырмады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=