қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.04.2023

«Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт» салаларындағы инновациялық үрдістердің даму жүйесі

 

2023 жылғы 12 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Өнер, мәдениет және спорт институты онлайн/офлайн режимінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына арналған «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт» салаларындағы инновациялық үрдістердің даму жүйесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 

Конференцияға қазақстандық және алыс, жақын шетелдік жоғары оқу орындарынан «Дене шынықтыру және спорт» пен «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» салаларының ғалымдары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар қатысты.

 

Конференция қазіргі таңдағы отандық және шетелдік «Әскери дайындық», «Дене тәрбиесі және спорт» салаларындағы негізгі мәселелері мен оның шешу жолдарына, инновациялық ғылыми зерттеу жұмыстарына, оқыту үрдісі мен пәнаралық байланыс жолдарының жаңа форматта жүргізілуіне арналды.

 

Халықаралық конференцияның алқалы жиынын ашу үшін университет басшылығынан стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева сөз сөйледі. Халықаралық конференцияға арнайы келіп, құттықтап, ғылым аясында өз тәжірибесімен бөліскендер: боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов, Алматы менеджмент университеті спорттық менеджмент мектебінің программ-лидері Тилла Сақтағанова, Нигде Омер Халысдемир университетінің профессоры Хикмет Кораш (Туркия), Әулие Климент Охридский атындағы София университеті Білім және өнер ғылымдары факультетінен профессоры Ирен Иорданова Пелтекова (Болгария), Волгоград мемлекеттік дене шынықтыру академиясының ғылыми-зерттеу сүйемелдеу бөлімінің бастығы Горбачева Виктория (Ресей), әскери ғылымдар докторы, доцент, запастағы полковник Бейбит Джакубакынов, қауымдастырылған профессор Еркін Уанбаев.

 

Конференцияда Белград қаласы Жоғары спорт колледжінің аға оқытушысы Владимир Пузович (Сербия) пен Apeiron жалпыеуропалық университетінің спорт факультетінің деканы Velibor Srdic (Велибор Сырдыч) (Босния және Герцоговина), Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының доценті Зулхумор Умарова (Өзбекстан) онлайн форматта баяндама жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=