қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.04.2023

Түркі халықтарының тарихы мен шығу тегі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Едитепе университетінің (Түркия) тарих факультеті арасындағы ынтымақтастық байланыс және дәстүрлі Ғылым онкүндігінің аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Ташағұл мен Әлем тарихы кафедрасының профессоры М.К. Тулекованың ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының тарихы мен шығу тегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияға зерттеуші ғалымдар, Едитепе университетінің тарих кафедрасының меңгерушісі Ахмет Ташағұл, Кутахия Думлупынар университетінің профессоры Вечихи Сефа Фуат Хекимоглы, Стамбул университетінің докторы Ораз Сапашев, Анкара университетінің ғалымдары (Түркия), Қоқан мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан) ғалымдары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекет тарихы институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Президентінің мұрағаты, ҚазҰҚызПУ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары мен оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты. Конференцияның модераторы профессор М.К.Тулекова және Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Қ.М. Рүстем болды. Конференция Zoom платформасында онлайн және офлайн режимінде өтті. Конференцияның жұмыс тілдері қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдері болды.

 

Конференцияның ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев және Тарих және құқық институтының директоры Ғабит Кенжебаев, сонымен қатар Едитепе университетінің профессоры Ахмет Ташайыл (Түркия) құттықтау сөз сөйледі. Тыңдаушылар конференцияда талқыланған мәселелерге керемет қызығушылық танытып, барлық пленарлық баяндамалар үлкен ықыласпен тыңдалды. Қатысушылар белсенді түрде қызықты сұрақтар қойып, өз ойлары мен ұстанымдарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=