қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.04.2023

Палеонтология әлеміне саяхат

 

2023 жылғы 13 сәуірде Ғылым онкүндагі аясында «6В01606-Тарих-география» мамандығының 2-ші курс студенттері (201, 202, 203 топтары) «Палеонтология әлеміне саяхат» тақырыбына байланысты «Ғылым ордасы» РМК жүйесіндегі табиғат мұражайына барды.

 

Ғылым ордасының ғимаратында орналасқан бірегей Табиғат мұражайы еліміздің табиғат жағдайын сонау ескі заманнан бүгінгі күнге дейінгі эволюциялық бейнесін көрсетеді. Әсіресе палеонтологиялық қазба қалдықтарының ерте кездегі тіршілік іздерін көруге болады. Жыртқыш динозаврдың тұқымдасы, алып мүйізтұмсық, ірі сүйек қалдықтары және алты метрлік тарбозаврдың қаңқалары табиғаттың көне тарихи кезеңдерінен сыр шертеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=