қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.04.2023

«Жоғары оқу орындарында сапалы білім беруді басқару» халықаралық дөңгелек үстелі

 

2023 жылғы 13 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі А.Көшербаева мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы профессор Баймолдаев Тұрсынбек Молдаханұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Жоғары оқу орындарында сапалы білім беруді басқару» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелдің салтанатты ашылуын стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева ашты. Сонымен қатар профессор Т.М. Баймолдаевтың 70 жылдығына арналған «Білім менеджменті, біліктілікті арттыру - мәртебелік миссиям» кітабының тұсаукесері өтті. Білім алушыларға (бакалаврларға, магистранттар мен докторанттарға) «Уақыт - жаңа Қазақстанды дамытудың кілті» тақырыбында дәріс оқылды. Іс-шараға Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) ғалымдары да қатысты: институттың оқу ісі жөніндегі проректоры Бабаева Н.М.; «Мектеп менеджменті» кафедрасының меңгерушісі Устаджалилова Х.А.; «Мектеп менеджменті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Раджабова Г.У. «Білім берудегі менеджмент - маман даярлауды жетілдірудің стратегиялық негізі» тақырыбында профессор Б. Әбдіғазиұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры Н.С. Әлқожаева және т.б ғалымдар негізгі баяндамаларын оқыды. Профессор Т.М. Баймолдаев кафедраның «QADAMDAS» үйірмесінің тұсаукесерін ашты. Дөңгелек үстел мерейжас иесіне арналған құттықтаулар ән-күйлермен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=