қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.04.2023

Колледж бітіруші студенттерімен кездесу


2023 жылғы 14 сәуірде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары Ғалия Таубаева, Ғалия Абилбакиева, Меруерт Шәуеновалар №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжіндегі «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.

 

Кәсіби бағдар беру барысында 95 жылдық тарихы бар, педагог кадрларды даярлау ұстанаханасы, білімнің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат студенттерге кеңінен жеткізілді.

 

Университетіміздің еліміздегі педагогикалық ЖОО арасынан 1-ші орын, әлемдік білім кеңістігінде жоғары рейтінгі иеленетіндігі т.б. сонымен қатар мектепке дейінгі маман дайындауда білім берудің үш деңгейі, білім беру бағдарламаларының студентке бағытталғандығы, студенттің сапалы білім алуда қолайлы жағдайлар жасалғандығы туралы баяндалды.

 

Аталмыш колледж студенттері тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, Абай атындағы ҚазҰПУ-ға деген қызығушылықтарын танытты. Студенттер өз білімдерін одан әрі жалғастыруға мүмкіндіктерінің бар екендігімен сендірді.

 

  alt=  

 

  alt=