қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.04.2023

Республикалық эстрада-цирк колледжі оқытушыларының шеберлік сабағы

2023 жылғы 13 сәуірде Өнер, мәдениет және спорт институтының​ музыкалық білім беру және хореография кафедрасында Абай атындағы Қазақ​ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым онкүндігі аясында​ Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық​ эстрада-цирк колледжінің оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесу​ өтті. Кездесуді колледждің «Жеке ән салу» бөлімінің оқытушысы, Қазақстан​ Республикасының мәдениет үздігі​ Ләзат Байжүнісова​ өткізді.

 

Шеберлік сабақта колледждің басқа да оқытушылары өнер көрсетті:​ Нұржан Қысықов​ - «Жеке ән салу» колледжінің аралас студенттік хорының​ жетекшісі,​ Әйгерім Нұрқалиева​ - актерлік бөлімнің оқытушысы,​ Бақыт​ Ілиясов​ - вокал сыныбы бойынша оқытушы,​ a`capella​ Мансұр Сағатовтың​ өңдеуінде Абайдың «Домбыраға қол соқпа» /соло-тенор/; Гаухар Егізбаева -​ хордың концертмейстері.

 

Студенттер хоры классика, шетелдік және халықтық музыка жанры мен​ сипаты жағынан бірнеше қарама-қайшы туындылармен өнер көрсетіп,​ іс-шараны ұмытылмас эмоциялық әсерлермен безендірді. Хордың​ репертуарында бірнеше шығармалар шырқалды: Абайдың «Домбыраға қол​ соқпа» М.Сағатовты өңдеунде; «Щедрик/Carol of the bells»; «O Occhi manza​ mia»; Карл Орфтың «Carmina Burana» (№ 1); М.Төлебаевтың «Біржан-Сара»​ операсынан «Би мен хор» және басқалар.

 

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Музыкалық білім және​ хореография» кафедрасының студенттік және профессор-оқытушылар ұжымы колледж оқытушыларына, солистері мен орындаушыларына алғысын​ білдіріп, жоғары оқу орындары арасындағы шығармашылық​ ынтымақтастығы, отандық мәдениет пен музыкалық өнерді насихаттаудағы​ педагогикалық тәжірибесі, жастар оқушылары арасындағы кәсіби бағдарлау​ жұмыстарындағы менторлық жұмысы үшін алғыс айтты.

 

  alt=  

 

  alt=