қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2023

№67 балабақша тәрбиешілерінің шеберлік апталығы


2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында №67 балабақша меңгерушісі Л.К.Гилманова және әдіскер К.К.Уйкасованың басшылығымен мекеме тәрбиешілері шеберлік апталығын ұйымдастырды. Шеберлік апталығын ұйымдастырудағы мақсат - болашақ мектепке дейінгі білім беру саласының жас мамандарына өздерінің озат әдістемелік іс-тәжірибесімен бөлісу және студенттерді ынталандыру, шығармашылық дамуына жағдай жасау. Шеберлік сағаттарына А.Ж.Жакупованың практикалық жетекшілігіндегі өндірістік практикадан өтіп жатқан Абай университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенттері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=