қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2023

«Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағын қалай құруға болады?» жобасының қорытындысы

 

2023 жылғы 13 сәуірде РББА Психологиялық институтында (Мәскеу) «Өмір мен акменің психологиялық мәселелері» XXVIII Халықаралық симпозиумның Жастар секциясында «Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағын қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми - білім беру жобасының нәтижелері шықты.

 

Жастар секциясында Қазақстан жастарының атынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, Алматы қаласының №49 және 142 жалпы білім беретін мектептердің қатысушылары баяндама жасады. Қазақстан жастар секциясының ғылыми жетекшісі - Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы Сауле Исалиева.


Іс-шара қорытындысы бойынша Абай университетінің 1 және 2 курс студенттері Саламатова Сабина және Қайырқызы Елдана «Өлмейтіндік - өзімшілдік пе?» тақырыбында баяндама жасап, бірінші дәрежелі дипломға ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=