![]()
17.04.2023
Абай университеті педагогикалық мамандықтар Республикалық олимпиадасында 1-ші орынды иеленді
2023 жылғы 14 сәуірде Абай университетінің 1 және 2 курс магистранттары Бақыт Нұрбол («7М01101 - Педагогика және психология»), Смаилова Алуа («7М01102 - Педагогика және психология: Педагогикалық өлшемдер»), Сероус Анна, Сақып Қаламқас, Мусиева Несіб («7М01103 - Педагогика және психология: Білім берудегі менеджмент») Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өткен Педагогикалық мамандықтар бойынша магистранттардың республикалық олимпиадасына қатысты. Ғылыми жетекшісі - педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы Сауле Исалиева.
Олимпиадаға Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Қазақстанның басқа да қалаларының жоғары оқу орындарынан 14 команда қатысты.
Магистранттар «Менің мамандығым - педагог» тақырыбында презентация көрсетіп, «Ғылыми-педагогикалық зерттеу - жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру процессі» эссе жазды және «Педагогика эрудиті» блиц-турнирінің сұрақтарына жауап берді, «Қазіргі педагогикалық білім: жаңа тәсілдер және қазіргі зерттеулер» жобасымен таныстырды.
Барлық турдың қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ командасы бірінші орынды иеленді, педагогика және психология кафедрасы келесі олимпиаданы өткізу құқығына ие болды.
![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|