қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2023

Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институт оқытушылары Абай университетінде болды

 

2023 жылдың 12-15 сәуір аралығында Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры (Өзбекстан), педагогика ғылымдарының докторы, мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Джумашева және кафедра оқытушысы Жанар Ергалиева «Білім берудегі инновациялар: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, мектепке дейінгі білім беру мәселесі төңірігінде баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының «7М012- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» білім беру бағдарламасының магистранттарымен кездесіп, мастер-класс өткізіп, екі ел арасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына салыстырмалы талдау жүргізіп, өз идеяларымен бөлісті. Қонақтар жұмыс сапары аясында Алматы қаласы Медеу ауданындағы №156 мектепке дейінгі ұйымға барып, ондағы практикада жүрген студент практиканттардың ұйымдастырылған іс-әрекетіне қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми кітапханада болып, мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылыми зерттеулермен, оқу-әдістемелік және оқу құралдармен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=