қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2023

Лейпциг университетінің оқытушыларымен кездесу


2023 жылғы 13 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.А.Бөрібаев Лейпциг университетінің (Германия) оқытушылары - ғылым докторы М.Д.Кенжеғалиева және С.Реехпен кездесті. Шетелдік қонақтар әртүрлі бейіндегі, соның ішінде жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдерін даярлау саласындағы тәжірибелі мамандар.

 

Кездесуге қатысушылар Лейпциг университетінің педагогика ғылымдары факультетінің Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түрлі құрылымдық бөлімшелерімен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, соның ішінде білім беру және ғылыми-зерттеу ұтқырлығын, Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде ғылыми іс-шаралар мен білім беру жобаларына бірлесіп қатысуды талқылады. Кездесуге Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының меңгерушісі, профессор В.Н.Косов та қатысты.

 

  alt=