қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2023

Ұлттық құндылықтарды насихаттау


2023 жылғы 14 сәуірде «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылықтарға баулу» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық» тақырыбында өткен студенттік фестивальдің қорытындысы шығарылды.

Студенттік фестивальдің қорытындысы бойынша «Кahoot зияткерлік ойыны», «Өнер» сайысы, «Қазақ ұлттық киімдер» байқауы, «Видеороликтер», «Шеберлік алаң» сайыстарының жеңімпаздары анықталды.

 

Сайыс нәтижесінде 1-ші орынды (15 000 теңгелік сертификат) - «Бастауыш білім бизнес инновация» мамандығының 1 курс студенттері, 2-ші орынды (10 000 теңгелік сертификат) - «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандығының 1 курс студенттері, 3-ші орынды (8 000 теңгелік сертификат) - «Бастауыш білім көптілділік» пен «Бастауыш білім ағылшын тілі» мамандықтарының 1 курс студенттері иеленді.

 

Фестиваль соңында жоба жетекшісі А.Е. Жұмабаева сөз сөйлеп, «Ұлттық қазына» жастар клубын ұйымдастырушы Р.Ж.Базарбековаға және клуб мүшелеріне осы «Ұлттық қазына» инстаграмм парақшасын жүргізуге атсалысқандары үшін алғысын білдірді. Ары қарай осы клубтың жұмысын жандандыруға, ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында дәріптеуге, белсенді түрде атсалысуға шақырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=