қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2023

Deutsch lernen macht Spaß! //Біз неміс тілін қызығушылықпен үйренеміз!

 

2023 жылғы 15 сәуірде Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының неміс тілі оқытушылары К.К. Ибрагимова мен К. Т. Дүйсенова «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттерімен Алматы қаласындағы Гете-институтына экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - студенттердің неміс тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру және оқып жатқан тілдің елі жайлы білімін кеңейту.

 

Институт кітапханашысы Салтанат Аширова студенттерді қарсы алып, экскурсияны институт кітапханасының әдеби және аудио/бейне қорынан бастап таныстырды. Студенттер неміс тіліндегі сөздіктер, энциклопедиялар және көркем әдебиеттерді ғана емес, сонымен қатар неміс тілін үйренуге арналған (А1-С1) деңгейлері бойынша оқу-әдістемелік материалдардың сан алуан түріне қызығушылық танытты.

 

Студенттерге заманауи мультимедиялық құрылғылар мен сенсорлық экраны бар кең экранды дисплей қолдануға ұсынылды, оның көмегімен германияның танымал тұлғалары, көрікті жерлері, мәдениеті мен дәстүрлері туралы қызықты викторина өткізілді. Викторина жеңімпаздары мен іс-шараға қатысушыларға естелік төсбелгілер, неміс күнтізбелері мен кеңсе керек-жарақтары табыс етілді. Танымдық сапардың соңында студенттерге кітапханаға тіркелу және Гете-институт кітапханасының тұрақты оқырманы болу мүмкіндігі берілді.

 

  alt=  

 

  alt=