қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.04.2023

Аймақтық колледж түлектерімен кездесу


2023 жылғы 15 сәуірде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары Гүлбану Абитова, Улмекен Толешова және «7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс магистранттары М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіндегі «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің бітіруші түлектермен кездесу өткізді.

 

Кәсіби бағдар беру жұмысы барысында 95 жылдық тарихы бар, педагог кадрларды даярлау ұстаханасы, білімнің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат студенттерге танысу жүргізді.

 

Аталмыш колледж студенттері тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, Абай атындағы ҚазҰПУ-ға деген қызығушылықтарын танытты. Студенттер өз білімдерін одан әрі жалғастыруға ынтасының бар екендігімен сендірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=