қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.04.2023

Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

2023 жылғы 18-19 cәуірде Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Дидар Мамырбаев «Дінтану» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік олимпиадада «6В01602 Тарих-Дінтану» мамандығына жетекшілік етті.

 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен олимпиадаға «Әлем тарихы» кафедрасынан «6В01602 - Тарих-Дінтану» мамандығының 2-3 курс студенттері: Жұбандыков Асқар, Кеңес Нұрәлем, Алтынбек Дінмұхаммед қатысты. Студенттер алғаш рет «Дінтану» және «Теология» мәселелері туралы пәндік олимпиадаға қатысып, сайыстың қыр-сырларын үйреніп, келесі жылға жоспарланған олимпиадаларда міндетті түрде жүлделі орын алуға уағдаласты. Студенттер Республикалық студенттік олимпиададан 25.000 теңге ақшалай ұтыс және викториналық заттай сыйлықтарға ие болды.Олимпиада қызықты әрі нәтижелі өтті.

 

  alt=