қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2023

«Қаныш. Қазына» ғылыми-танымдық іс-шарасы

 

2023 жылғы 19 сәуірде Тарих және құқық институтының академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы «Qyr balasy» қоғамдық қорымен бірлесіп қазақ халқының Темірқазық жұлдызы болған Қаныш Имантайұлының туған күніне арналған «Қаныш. Қазына» тақырыбында ғылыми-танымдық шара өткізді.

 

«Qyr balasy» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ертай Біләл ғалымның мұраларымен таныстырып, геология, метоллогения, музыка және тарих ғылымдарына қосқан үлестерін ерекше атап өтті. «6В01601 - Тарих» мамандығының 2 курс студенттері Е. Абдыкарим және Р. Ибрашев «Қазақ ғылымының атасы» тақырыбында баяндама жасап, ғалымның өмір жолы мен ғылым жолына қатысты «Топ 10» деректер тізбегін баяндады. Қатысушылар тақырып аясында сұрақтар қойып, ой-талқы жүргізді. Ғылыми-танымдық шара жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=