қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2023

Ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды

 

2023 жылғы 19 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Алматы қаласы мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры арасында мәдени қарым-қатынас орнату туралы ынтымақтастық келісім-шарты жасалды.

 

Университет студенттері арасында театр өмірі деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық мәдени талғамдарын қалыптастыруға бағытталған өзара тиімді келісімдерге «Алатау» дәстүрлі өнер театры директорының міндетін атқарушы Мақсат Нұралиев және университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов қол қойды.

 

Кездесуге сонымен қатар, аталмыш театрдың көші режиссері Нұржан Тутов және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ардақ Оразғалиұлы қатысты.

 

Келісім-шарт негізінде мәдени ынтымақтастықтың үлгісі ретінде бірлескен жобалар мен бағдарламаларды, қоғамдық маңызды мәдени іс-шараларды, оның ішінде сахналық қойылымдарды, шеберлік семинарлар мен тренингтерді, фестиваль-форумдарды, көрмелерді, конкурстарды, кездесулерді өткізуге ықпал етеді.

 

Екі жақты келісімнің шешіміне сәйкес университетіміздің 95 жылдығына орай 21-22 сәуір күндері жоспарланған «Студент және сахна» республикалық студенттік театрлар фестивалінің «Театрлық қойылым» кезеңі «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтетін болды.

 

Кездесу соңында дәстурлі өнер ордасынан келген қонақтарға университетіміздің мұражайы таныстырылды. Қонақтар мұражайдың қол өнер бөлімінің жабдықталуына жоғары баға берді.

 

Ректор Дархан Біләлов ынтымақтастық келісім-шартын жасауға қолдау білдірген «Алатау» дәстүрлі өнер театрының басшылығына ерекше алғысын айтып, өзара әрекеттестік қызметтердің нәтижелі болуына зор сенімділігін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі