қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2023

«Махаббат, қызық мол жылдар» мерекелік концерт

 

2023 жылғы 20 сәуірде Тарих және құқық институтында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Кантаева Құралай және «Дінтану» мамандығы 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қозы Көрпеш-Баян сұлу ғашықтар күніне орай «Махаббат, қызық мол жылдар» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертке Тарих және құқық институты мен Филология институтының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Шара барысында аңызға айналған махаббат кейіпкерлерінің хикаялары мен өсиеттері, қазіргі жастардың қарым-қатынасындағы түрлі мәселелерді шолуға арналған түрлі көріністер қойылып, махаббат туралы әндер шырқалды. Сондай-ақ, студенттер арасында қызықты ойындар ойнатылып, білім алушылардың бір-бірімен жаңа достық қарым-қатынастарды қалыптастыруда да үлесі зор шара болды.

 

Шара соңында ұстаздар мен студенттер көпшілікке үлгі болар таза, кіршіксіз адамгершілік қасиеттерді дәріптеуде осы сынды шаралардың маңызды екенін атап өтіп, өздерінің жағымды әсерлерімен бөлісті. Белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=