қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.04.2023

Абай университетінің студенттері пәнаралық онлайн сабаққа қатысты

 

2023 жылғы 19 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Достықтың шекарасы жоқ» екінші онлайн практикалық сабақ-баттл өтті, оған «Педагогика және психология» мамандығы 2 курс студенттері (қашықтан оқыту бөлімі), Хива қаласының Президенттік мектеп және Фергана облысы Ташлак пг. 1 мектеп оқушылары, Самарқанд мемлекеттік университетінің студенттері (Өзбекстан) қатысты.

 

Бірлескен сабақ оқу жылында өткізілетін халықаралық онлайн-сабақтар марафоны аясында өтті. Қатысушылар презентациялар дайындап, Өзбекстан мен Қазақстан туралы айтып, өлеңдер оқып, ән шырқады, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ұлттық тағамдар мен ойындар ерекше қызығушылық тудырды. Оқытудағы пәнаралық әдіс сыни ойлау психологиясы мен тіл пәндерінің интеграциясына ықпал етті.

 

Сабақтарды ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Сауле Исалиева және Білім министрлігінің ФГБНУ Халықаралық ынтымақтастық орталығының орыс тілі пәнінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Екатерина Федосенко.

 

  alt=  

 

  alt=