қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.05.2017

«УНИВЕРСИТЕТ КӨКТЕМІ-2017» атты ӘДІСТЕМЕЛІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТКІЗІЛДІ

      2017ж. 17 мамыр күні Математика, физика және информатика институтында қоғамдық маңызды мейрамдарға арналған, болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндер бойынша оқу жетістіктерінің және педагогикалық құзыреттіліктерінің инновациялық ашық сайысы ретінде «Университет көктемі-2017» атты III- Әдістемелік фестиваль өткізілді.

 

        Тұрақты түрде үш жыл бойы сапалы өткізілген, бұл оқу- тәрбиелік, ғылыми-әдістемелік шығармашылық істің авторы және ұйымдастырушысы, жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасының доценті Жұмашева Светлана Сатыбалдықызының жетекшілігімен осы фестивальға қатысушы «математика», «физика», «информатика» және «кәсіптік оқыту» мамандықтары студенттері сынып жетекшілер әдістемелік бірлестіктерінің презентациялары мен қазіргі тәрбиелеу технологияларымен қатар, қазіргі оқушының үлгерімі мен тәртібі, танымдық дербестілігі мен бос уақытының тиімділігі, зиянды әдеттерге қарсы- осындай көкейкесті мәселелерге арналған интербелсенді тәрбие сағаттарын инновациялық әдіс-тәсілдері негізінде өткізе білді. Сонымен бірге, интербелсенді түрінде Универсиада-2017, ЭКСПО-2017, біздің Абай атындағы ҚазҰПУ-ның 89-жылдығына, «Республикалық ата-аналар жиналысы күніне», «Қазақтың ұлттық киімдерінің күніне» арналған, сонымен бірге болашақ мектеп және мамандықты таңдау мәселелеріне шешім табу мақсатында әлеуметтік бағытталған ұжымдық-шығармашылық істер және «Мәңгілік өшпес полк», «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» акциялары өткізілді. «Оқу жетістіктері портфолиосы» және «Практикант портфолиосын» қорғауы, «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндік газеттер көрмесі де болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік берді. Фестивальдің соңында әр түрлі номинациялар бойынша мараппатау рәсімі жүргізіліп, дәстүр бойынша фестиваль гимні шырқалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ақпаратты дайындаған жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасы, кафедра меңгерушісі проф. Жампеисова Қ.К.