қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.04.2023

Тоғызқұмалақтан ҚР ССЛ аймақтық жарыстары


2023 жылғы 16-19 сәуір аралығында Алматы қаласының Оңтүстік-Шығыс аймақ бойынша тоғызқұмалақтан аймақтық ҚР ССЛ жарыстары өтті, жарсықа жалпы 25 команда қатысты.

 

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 1-ші орынды Абай атындағы ҚазҰПУ (қыздар) құрама командасы иеленді. Жеңімпаз команда Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері: Қуатова Аружан - 1-ші орын 1 тақта, Сәрсенбаева Забира - 1-ші орын 2 тақта, Тұрсынәлі Ақерке - 1-ші орын 3 тақта.

 

Абай университетінің тоғызқұмалақтан (ұлдар) құрама командасы жалпы командалық 3-ші орынды иеленді: Жаратылыстану және география институтының студенті Пернибаев Ерасыл - 1-ші орын 1 тақта.

 

Командалар ҚР ССЛ финалына шықты. Жарыс 2023 жылдың 29 сәуір мен 6 мамыр аралығында Павлодар қаласында өтеді.

 

Тоғызқұмалақтан Абай атындағы ҚазҰПУ (ұлдар) құрамасы: Пернебаев Ерасыл, Тілеубек Сырым, Құралбай Алматы, Қамбар Шұғыла.

 

Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

 

Жаттықтырушы - Иралина М.М.

 

  alt=  

 

  alt=