қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.04.2023

Абай университеті Өзбекстанда өткен халықаралық «Білім және кәсіп» көрмесіне қатысты

 

2023 жылдың 10-20 сәуір аралығында Абай университеті өкілдері Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі мен Жастар ісі жөніндегі агенттігі және т.б. ұйымдардың көмегімен «My fair» компаниясы ұйымдастырған Науаи және Нөкіс қаласында өткен «Білім және кәсіп» халықаралық білім көрмесіне қатысып, іс-шара барысында біздің университетіміздің білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірдің тұсаукесері өтті.

 

Өзбекстанға сапар барысында көптеген қазақ диаспорасы өкілдері оқитын Ташкент облысы Қибрай ауданы, Навоий облысының Зарафшан қаласы, Тамдын және Кенимех аудандары, Қарақалпақстанның Хожелин және Мұйнақ аудандарының мектептерінде болды. Қазақ мектептерінің түлектерімен кездесу барысында университетіміздің өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің «қандастарға» арналған стипендиялық және квоталық бағдарламалары туралы айтып, ҰБТ-ға тіркелу мен тапсыруды кезең-кезеңімен түсіндіріп, университетіміздің білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

 

Сондай-ақ Қарақалпақстанның халыққа білім беру министрі Ахмет Нарымбетовпен бірқатар кездесулер өтті, онда Қазақстан үкіметінің «қандастарға» арналған стипендиялық және квоталық бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі баяндалып, өңірдегі қазақ мектептерінің барлық түлектерін ақпараттандыру туралы өтініш білдірілді. Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры Мырзамұрат Жұмамұратовпен кездесуде өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу перспективалары талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=