қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.04.2023

Филология институтының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада

 

2023 жылғы 20-21 сәуір аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Шет тілдері» мамандықтарының топтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы бойынша «Шет тілдері филологиясы» түрік тілі; «Аударма ісі» ағылшын тілі және «Шетел тілі: екі шетел тілі» француз тілі, «Шетел тілі: екі шетел тілі» қытай тілі мамандықтары бойынша 13 студент қатысты.


Соның ішінде олимпиаданың 2 кезеңіне өтіп, жүлделі орынға ие болған студенттер: «Шетел филологиясы» (түрік тілі) мамандығы бойынша - Медетқызы Зарема ІІ дәрежелі диплом, жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Есбосынов Е.З.; «Аударма ісі» (ағылшын тілі) мамандығы бойынша 127 студенттің ішінен алғашқы ондыққа еніп, алғыс хат алған - Бектемір Жанерке, жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Жумабекова А.К.; «Шетел тілі: екі шетел тілі» (француз тілі) мамандығы бойынша - Прочан Анатолий және Ниязова Карина ІІІ дәрежелі диплом, жетекшісі: аға оқытушы Елемесова Ж.М.

 

  alt=