қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2023

Туған жердің киелі орындарына саяхат


Отанға деген сүйіспеншілік туған жерге деген құрметпен бастау алады. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасы негізінде елімізде қыруар жұмыстар атқарылып, маңызды, игі істер жасалынып жатқаны белгілі. Осы бБағдарламының аясында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының оқытушысы, «Тарих-география» мамандығының 2 курс 201-ші тобының эдвайзері Қалдыгүл Таспулатова топ студенттерімен «Туған жердің киелі орындары» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.


Іс-шара барысында студенттер алдын ала өздерінің туып өскен жерлеріндегі тарихи жерлерге, киелі орындарға саяхат жасай отырып, материалдар жинақтаған. Тарихи жәдігерлерге бай еліміздің жаңа бір мәдени ескерткіштермен толығып жатқандығын студенттер саяхат барысында сараптап, әр студент туған жері туралы баяндама жасады. Білім беру жүйесінде басты назар аударатын, тәрбие салаларының бірі - отансүйгіштік тәрбие. Отаныңды жете білгенде ғана оған деген мақтаныш сезімі оянады. Осы форматта өткізілген ашық сабақ өз мақсатына жетті. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=