қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.04.2023

Бір шырақ мың шамды жаға алады


2023 жылғы 22 сәуірде Абай университетінде «Педагогикалық шеберлік академиясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қоғамдық дәріс өтті.

 

Кеш қонағы Астана қаласы Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Құралай Байтәжікова «Бір шырақ мың шамды жаға алады» тақырыбында баяндама жасады.Іс-шараға қатысушылар - Алматы қаласындағы мектеп ұстаздары, Абай атындағы ҚазҰПУ және қаланың басқа да жоғары оқу орындарының педагогикалық жолды шын жүректен таңдаған студенттерінің сұрақтарына жауап берген оқытушы білім саласындағы 32 жылдық тәжірибесімен, саналы және үйлесімді ұрпақ тәрбиелеу әдістерімен бөлісіп, өзі туралы әңгімеледі. Ол білім алушының бойындағы шырақты тек жеке мысалмен және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарға сүйене отырып жағуға болатындығын атап өтті.

 

Іс-шара соңында Педагогикалық шеберлік академиясының төрағасы Саят Ибраимов спикерге арнайы алғыс хат табыс етті. Қатысушылар естелік суретке түсіп, ыстық лебіздерін білдірді.

 

Бүгінгі дәрістің түйінді тұстары:

1. Кез келген істі бастарда ниет түзулігі қажет.

2. Өз ісіңізді көркем түрде істеңіз.

3. Үлкен қателік - дамудың бастамасы.

4. «Қандай кітап оқимын?» десеңіз, дәл қазір туындаған мәселеңізді шешуге көмектесетін кітап оқыңыз.

5. Басшы мұғалімге мейірім көрсететер болса, мұғалім өз кезегінде оқушы мейірім көрсетеді.

6.Дер кезінде энергияңызды толтырып, телефонды қуаттағандай өзіңізді де қуаттап отырыңыз.

 

  alt=