қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2023

Республикалық олимпиадада Абай университеті 2 орын алды

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «6В05203-География» білім беру бағдарламасы бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Астана, Қарағанды, Павлодар, Алматы және т.б. қалалардың жоғары оқу орындарынан командалар қатысты.

 

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру; 2. Пәндік тестті шешу; 3. Өзекті тақырыпта жоба қорғау. Осы орайда, Абай университетінің «География және экология» кафедрасынан қатысқан «Шоқан» командасы жүлделі II орын иегері атанды. Команда мүшелері «6В05203-География» білім бағдарламасының 3-ші курс студенттері: Керимбаева Алуа, Қамбарбек Раушан, Кенжетаева Ақбота. Команданың ғылыми жетекшісі - аға оқытушы, Ph.D. Алиаскаров Думан Тоқтарұлы.

 

Жаратылыстану және география институты атынан команда мүшелерін және ғылыми жетекшісін жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=