қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.04.2023

«Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлаудың ерекшеліктері» семинар-тренингі


Абай университетінің Оқытушылық шеберлік орталығы мен Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының бастамасымен 2023 жылдың 24 сәуірінде «Бастауыш білім бизнес инновациямен» білім беру бағдарламасының 1,2,3 курс студенттері «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Сералиев Мақсатпен кездесу ұйымдастырылды.

 

Кездесу аясында «Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарда білім беру саласындағы бизнес-жоспарлау ерекшеліктері, гранттық қаржыландыру түрлері талқыланды. Кәсіптік оқыту және «Дуалды оқытудың жол картасын» жүзеге асыру туралы ақпараттың да пайдасы зор болды. Бюджеттік және қаржылық есеп беру мәселелеріне, сондай-ақ бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына ерекше назар аударылды. Оқытушылық шеберлік орталығының басшысы Қазына Бекбенбетова өз жалғасын табатын мұндай тренингтерді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Студенттер белсенді жауап алып, қызығушылық танытты. Семинар белсенді диалог түрінде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=