қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.04.2023

«Шерхан Мұртазаның шығармашылығындағы адам мәселесі» танымдық-тәрбиелік сабағы

 

2023 жылғы 25 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен кафедраның аға оқытушысы А.Д. Мейрмановтың «Шерхан Мұртазаның шығармашылығындағы адам мәселесі» тақырыбындағы танымдық-тәрбиелік ашық сабағы өтті. Сабаққа студенттер мен кафедра оқытушылар құрамы қатысты. Іс-шарада қозғалған тақырып студенттердің қызығушылығын туғызып, сұхбат барысында талқыланды. Бұл тақырыпта Мадалиева Ж.Қ., Құсаинов Д.У., Рахимова Г.Д., Джанкадыров С.С. пікір айтып, тақырып жан-жақты ашыла түсті. Ашық сабаққа студенттер ерекше қызығушылық танытып, терең мағыналы сипаттағы тәрбиелік мәні зор сабақ ретінде өткендігін айтып, ықыластарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=