қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.04.2023

Speaking club-та квест-ойыны


КВЕСТ - ағылшын тілінен аударғанда іздеу, табу деген мағынаны білдіреді. Ойын барысында ойлауды, танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытуға ықпал ететін, тілдерді үйренуге қызығушылық тудыратын, сонымен қатар командада жұмыс істеуге, тез және оңай шешім қабылдауға, өз пікіріңізді қалыптастыруға үйрететін бірнеше міндеттер шешіледі.

 

Speaking club мүшелерінің шығармашылық белсенділікті арттыру үшін қызықты квест-ойыны ұйымдастырылып, онда қатысушылар үш командаға бөлінді. Оларға әр-түрлі логикалық жұмбақтарды, ребустарды шешуге тапсырмалар берілді. Ойын нәтижесінде I орынды «Огонь» тобы, II орынды «Солнце» тобы, III орынды «Цветок» тобы иеленді. Квест-ойынының жеңімпаздарына университеттің брендтік өнімдері табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті