қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.04.2023

Танымдық ойын - білімділік кілті


2023 жылғы 26 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерекесі аясында Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының оқытушысы Маржан Ахтаеваның ұйымдастыруымен «Су және азық-түлік өнімдері анализі» пәні бойынша «6В05301-Химия» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Танымдық ойын - білімділік кілті» интеллектуалды химиялық сайысы өтті.

 

Сайыс келесі кезеңдерден тұрды: I кезең - «Таныстыру кезеңі» (әр команда топтарын өз ерекшеліктеріне сәйкес еркін тақырыпта таныстырып өтеді); II кезең - «Кім шапшаң...» (химиялық ыдыстардың атауын уақытқа байланысты дұрыс табу қажет); III кезең - «Кім мықты?» (деңгейлік есептерді шығарып, тапсырмалар бойынша зертханалық жұмыстар орындайды); IV кезең - Алдын ала берілген тақырыптар бойынша бейнебаяндар көрсетеді (силлабус бойынша дәріс тақырыптар); V кезең - Семинар тақырыптары бойынша рөлдік ойын-көрініс көрсетеді (силлабустағы семинар тақырыптар); VI кезең - Химия ғажайыптары (қызықты тәжірибелер көрсету).

 

Барлық алты кезең студенттердің көрсетілген пән бойынша алған білімдері мен дағдыларын толық меңгергенін көрсетті. Сондай-ақ, белоктардың, жасанды тағамдық қоспалардың, витаминдердің макеттері дайындалған көрме ұйымдастырылды.Іс-шараға қатысушылар білімдерінен басқа өздерінің шығармашылық идеялары мен актерлік шеберліктерін ортаға салды.


Сайысты химия кафедрасының оқытушылары Нұржан Чинибаева, Жанар Кожагулова, Оңласын Кулумбетова, Қанат Садыков бағалап, әділ-қазылық етті.Сайыс нәтижесінде I орынды «PniKTiOGeN» тобы иеленсе, II орынды «Жалын» тобы мен III орынды «Отом» тобы қанжығасына байлады.

 

Жеңімпаздарға «Bugin Holding» ақпараттық компаниясы 100 мың теңгелік ынталандыру сыйлықтарымен демеушілік жасады, білім алушыларға қолдау көрсеткен компания басшысы Айбек Қуатбаевқа үлкен алғыс білдіреміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=