қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.04.2023

«Қазақ дүниетанымындағы ана түсінігі, бүгінгі қоғамдағы рөлі» семинары

 

2023 жылғы 26 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы музейлер бірлестігі филиалы «Анаға құрмет» музейімен «Қазақ дүниетанымындағы ана түсінігі, бүгінгі қоғамдағы рөлі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысына Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры К.А.Оразбекова, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұ.Қ.Қыяқбаева, Әлем тарихы кафедрасының профессорлары Х.А.Сутеева, докторант Р.Ө.Сейтқазиев және Алматы облысы мен Алматы қаласы орта мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысы өз дәрежесінде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=