Біз туралы | Главная /
Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы
Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы
Қысқаша өмірбаяны Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы 1996 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Шетел тілдері» мамандығын алып шығады. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аспирантурасында оқыды. 2006 жылы 13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (Бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі роман-герман, түркі тілдері) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Экономика мамандықтары студенттерінің жазбаша іскерлік қарым-қатынасын оқыту». Ғылыми жетекшілері: п.ғ.к., профессор Козлов П. Г., ф.ғ.д., академик Құнанбаева С. С. 2007 жылдың наурыз айында педагогика ғылымдарының кандидаты дипломын алды (хаттама №3 28.03.2007 ж.). 2018 жылдың желтоқсан айында КОКСОН қауымдастырылған профессоры атағы берілді, (хаттама №1946 11.12.2018 ж). 2018 жылдан 2023 жылға дейін 8D017 - Тілдер мен Әдебиет мұғалімдерді даярлау мамандығы бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралақ қатынастар және әлем тілдері университетіның диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы және тұрақты мүшесі. 2023 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитетіне Білім, Психология және когнитивтік ғылымдар бойынша Сараптамалық кеңестің сарапшысы лауазымына шақырылды.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ: Бакалавриат: 1. Шетел тілдерін оқыту әдістемесі; 2. Шетел тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар. Магистратура: 1. Жоғары мектептегі шетел тіліндегі білім берудің заманауи әдіснамасі; 2. Бейінді және кәсіптік-бағдарланған шетел тілді білім берудің заманауи мәселелері. 3. Жаңартылған білім беру мазмұны бар мектептердегі шетел тілі мұғалімі. 4. Силлабустар мен сабақ жоспарларын құру. Докторантура: 1. Шетел тіліндегі білім берудің қазіргі парадигмасының әдістемесі. 2. Қазіргі заманғы шетел тіліндегі білім беру процесі: басқару, ұйымдастыру, оқыту технологиялары.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы белсенді ғылыми қызмет атқарады. Ол 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 3 монография, 3 оқу-әдістемелік құрал, Scopus халықаралық деректер базасына кіретін 7 мақала. Оның Хирша ғалым ретіндегі индексі - 3.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы белсенді ғылыми қызмет атқарады. Оның жетекшілігімен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 120 магистр және 2 PhD докторы қорғалды.
ҰЙЫМДАРДАҒЫ МҮШЕЛІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ Ғылыми жұмыстан басқа, Дана Бексұлтанқызы шетел тілді білім беру саласындағы белсенді қоғам қайраткері. Ол бірнеше рет ағылшын тілі бойынша Республикалық олимпиадалардың, тілдік жоғары оқу орындарының студенттері мен Алматы қаласының оқушыларына арналған ғылыми жобалардың төрағасы және мүшесі болып сайланды. Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы «Педагогика» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары бойынша магистратура мен докторантураға ағылшын тілінде түсу емтиханының авторы болып табылады.
МАРАПАТТАР 1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған медаль. 2. ҚР ІІМ Алғыс хаты 30.10.2023 ж.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|