қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы

Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы

 

Қысқаша өмірбаяны

Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы 1996 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Шетел тілдері» мамандығын алып шығады.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аспирантурасында оқыды.

2006 жылы 13.00.02  - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (Бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі роман-герман, түркі тілдері) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Экономика мамандықтары студенттерінің жазбаша іскерлік қарым-қатынасын оқыту». Ғылыми жетекшілері: п.ғ.к., профессор Козлов П. Г., ф.ғ.д., академик Құнанбаева С. С.

2007 жылдың наурыз айында педагогика ғылымдарының кандидаты дипломын алды (хаттама №3 28.03.2007 ж.).

2018 жылдың желтоқсан айында КОКСОН қауымдастырылған профессоры атағы берілді, (хаттама №1946 11.12.2018 ж).

2018 жылдан 2023 жылға дейін 8D017 - Тілдер мен Әдебиет мұғалімдерді даярлау мамандығы бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралақ қатынастар және әлем тілдері университетіның диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы және тұрақты мүшесі.

2023 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитетіне Білім, Психология және когнитивтік ғылымдар бойынша Сараптамалық кеңестің сарапшысы лауазымына шақырылды.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Ағылшын тілі мұғалімі

14.03.1996 ж.

Диплом № 634, ЖБ -II №0047552

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.02-оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі (Бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі роман-герман, түркі тілдері).

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті берген педагогика ғылымдарының кандидаты дипломы 28.03. 2007 жыл (№3 хаттама)

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Қауымдастырылған профессор

13.00.00 - Педагогика

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті берген Диплом 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №1946 хаттама.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:

Бакалавриат:

1. Шетел тілдерін оқыту әдістемесі;

2. Шетел тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар.

Магистратура:

1. Жоғары мектептегі шетел тіліндегі білім берудің заманауи әдіснамасі;

2. Бейінді және кәсіптік-бағдарланған шетел тілді білім берудің заманауи мәселелері.

3. Жаңартылған білім беру мазмұны бар мектептердегі шетел тілі мұғалімі.

4. Силлабустар мен сабақ жоспарларын құру.

Докторантура:

1. Шетел тіліндегі білім берудің қазіргі парадигмасының әдістемесі.

2. Қазіргі заманғы шетел тіліндегі білім беру процесі: басқару, ұйымдастыру, оқыту технологиялары.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы белсенді ғылыми қызмет атқарады. Ол 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 3 монография, 3 оқу-әдістемелік құрал, Scopus халықаралық деректер базасына кіретін 7 мақала. Оның Хирша ғалым ретіндегі индексі - 3.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы белсенді ғылыми қызмет атқарады. Оның жетекшілігімен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 120 магистр және 2 PhD докторы қорғалды.

 

ҰЙЫМДАРДАҒЫ МҮШЕЛІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми жұмыстан басқа, Дана Бексұлтанқызы шетел тілді білім беру саласындағы белсенді қоғам қайраткері. Ол бірнеше рет ағылшын тілі бойынша Республикалық олимпиадалардың, тілдік жоғары оқу орындарының студенттері мен Алматы қаласының оқушыларына арналған ғылыми жобалардың төрағасы және мүшесі болып сайланды.

Шаяхметова Дана Бексұлтанқызы «Педагогика» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары бойынша магистратура мен докторантураға ағылшын тілінде түсу емтиханының авторы болып табылады.

 

МАРАПАТТАР

1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған медаль.

2. ҚР ІІМ Алғыс хаты 30.10.2023 ж. 

 


← Вернутся назад