қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2023

Ақын Көдек Маралбаевты еске алу кеші

 

2023 жылғы 27 сәуірде ҚР Мемлекеттңк орталық музейінде ақын Көдек Байшығанұлы Маралбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Еске алу кешінде көптеген баяндамашылармен бірге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры Болат Жұмағұлов та ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында ауқымды баяндама жасады. Сонымен қатар, кеште ақынның жырлары мен бірнеше әуезді әндері орындалды. Аталған еске алу кешіне Тарих және құқық институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манаповтың жетекшілігімен «6В01601 - Тарих» мамандығының 201, 202, 203 топ студенттері қатысып, рухани және білім нәрімен сусындап қайтты.

 

  alt=  

 

  alt=