қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2023

Біздің студенттер олимпиада жеңімпаздары!


2023 жылғы 25-27 сәуірде Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «В014 ‒ география мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XV Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның 18 жоғары оқу орындарынан командалар қатысты. Олимпиадаға Абай университетінің Жаратылыстану және география институты «География-тарих» мамандығының 3-ші курс студенттері Жекен Ақжол және Айдарбай Аслан қатысты. Команда жетекшісі - аға оқытушы Бейкитова Альбина. Олимпиада нәтижесі бойынша командалық есепте Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жүлделі 1-ші орынға ие болып, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

 

  alt=