қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2023

Ерлігін қадірлегендер қашан да елдігін сақтайды

 

2023 жылдың 27 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығын мерекелеу аясында Жаратылыстану-география институтының химия кафедрасының оқытушылары Оңласын Кулумбетова, Маржан Ахтаеваның ұйымдастыруымен «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс және «6В01512-Химия-биология» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен көрнекті әскери жазушы Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған «Ерлігін қадірлегендер қашан да елдігін сақтайды» ашық тәрбие сағаты өтті.

 

Іс-шара Қасым Қайсеновты 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталып, өмір жолынан көріністер қойылып, Нышанбай Мерей мен Сатыбалды Дастанның орындауына әдемі ән айтылса, «Катюша қыз», «Синий платочек» әуендеріне попурри би қойылып, «Мен қазақпын» әніне хормен жалғасты. Сондай-ақ, батыр бабамыздың өмірбаяны туралы видиороликтер мен слайдтар көрсетіліп, баяндама жасалды.

 

Мерекелік шараға тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Серік Бакиров пен химия кафедрасының оқытушысы Жанар Жаксибаева батыр жазушы Қасым Қайсеновпен мектеп қабырғасында кездескендігі туралы естеліктерімен бөлісіп, студенттердің дайындығына алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=