қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2023

«Әз - Наурыз! Ән - Наурыз!» атты мерекелік думан өткізілді

 

2023 жылғы 28 сәуірде игі дәстүр бойынша Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы М.Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағының аумағында орналасқан М.Әуезов атындағы спорт кешенінде «Әз - Наурыз! Ән - Наурыз!» қалалық деңгейде мерекелік думан өткізілді. Наурыз мерекесі биыл ерекше аталып өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірлесе отырып концерттік бағдарлама ұйымдастырды.


Үш оқу ордасының дарынды жастары мерекенің көркін қыздырды. Жаңа өмір бастауы Көктемді қарсы алып, көш-керуен жүргізіліп, Қыдыр ата батасын берді. Көптен күткен шараны мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Омархан Оксикбаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамедов және ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, философия ғылымының докторы, профессор, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамбілінің негізін қалаушыларының бірі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ақсақалдар алқасының төрағасы Ұлықпан Сыдықов құттықтау сөзімен ашты.


Университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында қазақ халқының ұлттық ойындары мен спорттық сайыстары бойынша қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ойыны, садақ ату жарыстары ұйымдастырылды.


Алаңда киіз үйлер тігіліп, Наурыз дастарханы жайылып, қазақи қонақжайлылық пен ауылды еске түсіретін қазан-ошақта ас пісіріліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Мереке барлығына ұмытылмас әсер қалдырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті