қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.05.2023

Филология студенттері Республикалық студенттер олимпиадасында 2-ші орынға ие болды


2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде өткен орыс тілі мен әдебиеті бойынша 15-ші Республикалық студенттік олимпиадаға РЯЛ-301 тобының студенттері: Райхан Жанетова, Анастасия Заполева және Дина Мусина қатысып, бақтарын сынады. Студенттер олимпиададан 2-ші командалық орынды жеңіп қана қоймай, қабылдаушы университет ұжымы туралы жағымды әсер алып қайтты.

 

Студентіміз Анастасия Заполева жеке есепте үшінші орынды иеленсе, Райхан Жанетова «Сөйлеу мәдениеті» номинациясын жеңіп алды. Аттас номинациядағы шығармашылық тапсырманы орындауда да креативтілігімен көзге түсті. Студенттер сапардан да, олимпиададан да ең жақсы әсер алып қайтты. Олар білімдері мен дайындығы үшін кафедраға, сезімталдығы, жанашырлығы және кәсіби шеберлігі үшін команда жетекшісі Жанарқа Ибраеваға ерекше алғыстарын білдіреді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=