қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.05.2023

Абай университетінің профессоры - БҰҰ ТДМ 17 жобасының қатысушысы


Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесі Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Бәкірова Күлжахан Шаймерденқызын академиялық кеңестің мүшесі, БҰҰ ТДМ 17 экологиялық жобаларының тәлімгері және сарапшысы ретінде жыл сайынғы мектеп және студенттік кәсіпкерлік кубогына қатысуға шақырды.

 

2023 жылғы 27-30 сәуірде Астана қаласы Expo Конгресс орталығында «National EXPO 2023» арнайы конкурсы өтті, оған Enactus Kazakhstan бағдарламасында тіркелген оқушылар мен студенттер қатысты.

 

Болашақ бизнес көшбасшылары студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар кубогының Ұлттық чемпионы атағы үшін жарысты. Жеңімпаз команда Нидерландыдағы Enactus әлемдік кубогында Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болды.

 

Enactus Kazakhstan national EXPO-2023 - 100-ден астам қазақстандық жоғары оқу орындары мен мектептердің оқушылары үшін оқу жылының басты оқиғасы.

 

Enactus Kazakhstan national EXPO бағдарламасында:

- Жобалар көрмесінің ашылуы. Сарапшылар мен БАҚ көрмесіне шолу;

- Enactus & Olzha agro «Жерге қамқорлық, адамдарға қамқорлық» финалы

«Ауылдағы Бизнес идея» 2 маусым;

- KMF & KMF-демеу финалы «Nextgenleaders financial literacy»;

- «ENACTUS студенттерінің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі» БҰҰ ТДМ 17 форумы;

- Студенттік кәсіпкерліктің Ұлттық кубогы-2023;

- Enactus мектеп кәсіпкерлігінің IV Республикалық чемпионаты.

 

  alt=  

 

  alt=