қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.05.2023

Өндірістік практика бойынша қорытынды есептік конференция

 

2023 жылғы 2 мамырда Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «6В03105 - Психология (бизнес)», «6В03105 - Психология (медиация)», «6В03105 - Психология (медиация, көптілді)» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің «Өндірістік практикасының» қорытынды есеп беру конференциясы өткізілді. Аталған мамандық бойынша бітіруші түлектер өндірістік практикадан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінде, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының №7552, 5571 әскери бөлімдерінде өтті.

 

Практика әдіскерлері ретінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушылары Тукебаева Саулет және Конысбаева Алия студенттердің өндірістік практикасы бойынша есептерін, өзіндік ой-пікірлерін тыңдады. Конференцияға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатыса отырып, практика барысы мен жүргізілген жұмысқа талдау жасады. Конференция соңында әскери бөлімдерден психолог қызметіне сұраныс алған студенттер аталып, белсенділік танытқан студенттерге практика базалары атынан алғыс хаттар табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=