қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2023

ЕҚЫҰ өкілдері бастауыш білім беру кафедрасында болды


2023 жылдың 4 мамырында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Педагогика және психология институты «6В01304 - Бастауыш білім көптілділікпен» ББ бағдарламасы бойынша бастауыш білім беру кафедрасының тынысымен танысты. Іс-шара барысында қауымдастырылған профессор Асель Стамбекова «6В01304 - Бастауыш білім көптілділікпен» ББ мақсаты, міндеттері мен перспективаларын көрсетті, қауымдастырылған профессор» Сажила Нұржанова «Бастауыш білім көптілділікпен» бағыты бойынша кафедраның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі туралы, яғни оқу-әдістемелік кешенмен, оқу құралдарының ерекшеліктерімен, көптілді топтармен жұмыс істеуге арналған сөздіктермен таныстырды. Сонымен қатар, аға оқытушы Азиза Жунусбекова және аға оқытушы Айым Тынысханова оқу қызметі аясында студенттердің келесі практикалық жұмыстарын көрсетті:

- STEM & STEAM технологиясы (ағылшын және орыс тілдерінде)

- Робототехника (қазақ тілінде)

- ББ бойынша студенттерді оқыту нәтижелерін көрсету (ағылшын тілінде).

 

Осылайша, кафедраның жұмысы және жоғарыда аталған білім беру бағдарламасы туралы толық ақпарат берілді. ЕҚЫҰ өкілдері өздерінің оң әсерлерімен бөлісіп, болашақта ынтымақтастық қарым-қатынас сақтау үшін байланыстармен алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=