қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2023

«Береке бастауы - бірлік» студенттер этнофестивалі

 

2023 жылғы 3 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Филология институтының ұйымдастыруымен «Береке бастауы - бірлік» тақырыбындағы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған студенттердің этнофестивалі өтті.                                


Этнофестивалді салтанатты түрде құттықтау сөзбен университетіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов ашты. Келесі құттықтау сөз кезегі «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшесі және Аналар кеңесінің төрағасы Нұржан Абдиеваға берілді.  Ол өзге ұлттардың қазақ халқына деген ықыласына ризашылығын білдірді. Мерекелік іс-шараға Алматы қаласының Достық үйінен келген қонақтарымыз «Айналайын» би тобы, Алматы қаласы бойынша халық әндері театрының өнерпаздары,«Жетісу кадрилі» ансамблі,  Ұйғыр этномәдени орталығының өкілдері өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік концертке Филология институтының 4 кафедрасы мен студенттері де белсене қатысты. Қатысушылар араб тілінде «Өмірім» және түрік тілінде «Kiralık aşk» әндерін шырқап, «Шанель» би тобы француз халқының биін, корей билерін орындады. Мерекелік іс-шараның тағы бір ерекшелігі институттың төрт кафедрасынан «Достық», «Бірлік», «Таттулық», «Ынтымақ» топтарының өнер көрсетуі болды.


Этнофестиваль барысында ҚХА кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман қонақтарды әр ұлттың тағамдары әзірленген дастархан мен өнерлерін, мәдениетін бағалауға шақырды. Сайыс соңында бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін деген ниетпен достық жеңіп, қатысқан барлық топ бірдей бағаланды. Мерекелік іс-шарасының ерекшелігіне тәнті болған көрермендер өз ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=