қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2023

«Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясы

 

2023 жылғы 13 наурыздан 3 мамырға дейін Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен Г.Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша студент-волонтерлері Алматы қаласындағы «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығының мүмкіндіктері шектеулі адамдары үшін онлайн және офлайн түрде «Жақсылық жолымен» қайырымдылық акциясын өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті төсеніштер мен тренажерлерді сатып алуға қаражат жинау үшін әлеуметтік-педагогикалық қолдау және қаржылық көмек көрсету. Іс-шараға университет ұжымы, Педагогика және психология, Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Өнер, мәдениет және спорт, Филология, Математика, физика және информатика институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастары белсенді қатысты.

 

28 мамырда әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Нұрлановтың, Педагогика және психология институты директорының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары С. Шолтай, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұ. Қияқбаеваның, оқытушылар А. Айтпаеваның, Д. Азимбаеваның және ерікті студенттердің қатысуымен қайырымдылыққа қаржы жинау жәшігі ашылды.

 

29 наурыз бен 3 мамыр аралығында акция аясында жиналған 623 мың теңгеге жуық жиналған 40 дана «Татами» төсеніштері мен «Шагун» жаяу жүру имитаторлық тренажері сатып алынып, «Мейірім» клубының аниматорлық бағыты бойынша алаңдағы түзету - дамыту ойындары бағдарламасының кешенінде «ЕРЗИ» әлеуметтік-оңалту орталығына салтанатты түрде табысталды.

 

«Мейірім» еріктілер клубы мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қолдауына мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге ұмтылған барлық мейірімді адамдарға шын жүректен алғыс білдіреді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы