қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2023

Абай университетінің құрамасы - ҚР ССЛ чемпионы!

 

2023 жылғы 1-4 мамырда Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы Студенттік спорт лигасының жарыстары өтті. Жарыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан Абай атындағы ҚазҰПУ командасы (ұлдар) Чемпион атанып, жалпы командалық 1-ші орынды иеленді.

 

Ерлер командасының құрамы - Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенті, спорт шебері Дакен Эльдар, Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті, спорт шебері Пернибаев Ерасыл, Математика, физика және информатика институтының 1 курс студенттері Тілеубек Сырым, Құрабай Алмат.

 

Қыздар командасының құрамы - Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті, спорт шебері Сәрсебаева Забира, Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенті, спорт шебері Тұрсынәлі Ақерке, Педагогика және психология институтының 2 курс студенті Қамбар Шұғыла.

 

Жарыс қорытындысы бойынша команда жеңімпаздары кубокпен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Тоғызқұмалақтан Абай университеті құрама командасының жаттықтырушысы - Мира Иралина.


Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=