қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2023

Екінші шет тілі бойынша педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы


Филология институтының оқу жоспарына сәйкес «6В01703-Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының екінші шет тілі (қытай, түрік, француз, корей, араб, неміс) бойынша білім алатын студенттер 2023 жылдың 1-29 сәуір аралығында «Aisaf-Almaty» гимназиясына, Шет тілдер педагогикалық колледжіне және Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжіне іс-тәжірибеден өтуге жіберілді.

 

2023 жылғы 2 мамырда мамандық бойынша тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті. Конференцияны кафедра меңгерушісі Н.Н. Қоңқабаева ашып, кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы А.М. Алмабекова жүргізді. Іс-шараға әдіскер-оқытушылар - аға оқытушылар Э.Ж.Қансейтова, А.Н.Раева, Қ.Т.Дүйсенова, Ж.М.Елемесова, Г.Қ.Сатбай, Н.Х.Коспаганбетова, оқытушылар А.С.Жумабаева, С.Мейрхан, Е.В.Бурмистрова және іс-тәжірибеге барған студенттер қатысты. Конференция барысында әр тілдік топ жеке-жеке презентациямен келіп, іс-тәжірибе өту барысы, өткізіліген ашық сабақтары, тәрбие сағаттары бойынша есеп берді.

 

  alt=  

 

  alt=